KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Заңсыз балық аулауға қатысты қозғалған 29 іс сотқа жіберілді

19.05.2013, 18:00 254


16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан-Ертіс бассейні аумағында браконьерліктің жолын кесу және балық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар өткізілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осыған орайластырылған «Нерест-2013» жедел-алдын алу іс-шарасын облыстың ішкі істер органдары жүзеге асырып келеді. Қазір уылдырық шашу орындары мен ерекше күзетілетін табиғат аумақтарында көшпелі бекеттер ұйымдастырылып, су қоймаларына жақын жағалаулар мен жолдарға біріккен патрульдер қойылған.

Уылдырық шашу кезеңі басталғаннан бергі бір айда МИ-2 тікұшағымен Бұқтырма су қоймасына екі мәрте бақылау ұйымдастырылып, соның нәтижесінде ішкі істер органдарының өкілдері 88 құқық бұзушылықты анықтады.

Сондай-ақ, «Балық аулау және балық қорларын сақтау ережелері туралы» заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған 51 адамға 265 608 теңге көлемінде айыппұл салынып, қазірге дейін оның 182 мың теңгесі өндіріліп алынды және 29 материал сотқа жіберілді.

Жедел-алдын алу шараларын өткізу кезеңінде барлығы 50 ау алынған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив