KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы Наурыз мерекесі мен бүркітпен аң аулауды ЮНЕСКО –ның мәдени мұралар тізіміне енгізуді ұсынады

17.05.2013, 18:00 97


Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы Наурыз мерекесі мен бүркітпен аң аулауды ЮНЕСКО –ның мәдени мұралар тізіміне енгізуді ұсынады , деп хабарлайды Аltaynews .kz тілшісі Astana.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанның ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысында мәлімдеді.

"Біз кешігіп жүреміз. Мысалы, сұңқармен аң аулауды 12 ел баяғыда-ақ тізімге енгізіп алды, қазақтың бүркітпен аң аулауы тек 13-ші болады», деді министр.

Оның айтуынша, сонымен қатар айтыс өнерін, Қырғызстанмен бірігіп киіз үйді, сондай-ақ домбыра мен қобызда орындалатын күйлерді, башқұрттармен бірігіп сыбызғыны енгізу де жоспарда бар.

Отырыста бұдан басқа Астанада мәдениеттерді жақындатудың халықаралық онжылдығын ресми түрде бастауға арналған халықаралық форум өткізу де жоспарланғаны айтылды.Оған БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның басшылығы, көрнекті саясаткерлер, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері шақырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив