KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ажырасу жағынан Шығыс Қазақстан облысы төртінші орында тұр

16.05.2013, 18:00 116


Қазақстанда 2013 жылдың бірінші тоқсанында ажырасу көрсеткіші соңғы алты жылда шекті деңгейге жетті. Үш айдың ішінде 100 жұптың 34-і бөлісуді қалаған. Бұл көңілге қаяу түсіретін статистикада Шығыс Қазақстан облысы төртінші орында тұр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында Ranking.kz жобалар менеджері Ләззат Жүнісова хабарлады.

Отбасы институты ең берік облыстар еліміздің батысы мен оңтүстігінде екен.

Оңтүстік Қазақстанда 100 жұпқа 15 ажырасу келсе, маңғыстаулықтардың 22 жұбы ғана бөліскен.

Ал жанұяны сақтай алмаймыз дейтіндердің басым бөлігі Павлодар облысында тұрады, мұнда 100 отбасына шаққанда 61 ажырасу тіркелген.

Бұл көрсеткіштен қостанайлықтар сәл ғана артта қалған. Статистика деректері бойынша, аталмыш облыста 100 жанұяның 58-і сақталмайды екен.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив