KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Ресей ормандарында осыдан 70 жыл бұрын хабарсыз кеткен екі қазақстандық жауынгердің денесі табылды

16.05.2013, 18:00 73


Ресей ормандарында осыдан 70 жыл бұрын хабарсыз кеткен екі қазақстандық жауынгердің денесі табылды. Ізкесушілер олардың аты-жөндерін аман қалған құжаттары бойынша анықтады. Енді олардың туыстары іздестірілуде , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы КТК телеарнасы кешкі жаңалықтарында хабарлады.

Қазба жұмыстары Новгород облысының Парфин ауданында жүргізілген. Осы ормандарда 1944 жылы 800 мың адамның өмірі қиылды. Олардың арасында 74-теңіз бригадасында қызмет еткен қызылордалық Жүсүбек Кәрібаев пен Семей қаласынан Жақып Тапқанов бар. Жақып Тапқанов майданға жүзінші атқыштар бригадасының құрамында аттаныпты. Екі жауынгер де осы кезге дейін хабарсыз кетті деп саналып келген. Майдангерлердің бірі –Жақып Тапқановты туыстары ұзақ жылдар іздестірген, анасы 1952 жылы мұрағаттарға сұрау салыпты.

Әзірге жауынгерлердің туыстары хабарласа қоймапты.

Қазба жұмыстары кезінде Ресейден, Ақтөбе мен Петропавлов қалаларынан 26 іздестіру отрядтарының күшімен барлығы 587 қазақстандық жауынгердің жерленген жері табылды.

Гумер Галеев, «Боевое братство» қорының құрылтайшысы, Ақтөбе қаласы:
- Тапқанов Жақып, Семей облысынан 1912 жылы туған. Бізде құжаттары, медольонның көшірмесі, бәрі бар. Екіншісі Қызылордадан. Кәрібаев Жүсүбек, 1921 жылғы. Әдетте егер отбасылары белгілі болса, жарты жыл тосады, содан кейін бауырластар зиратына қояды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив