KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Риддер мен Ұлан аудандарында жас дәрігер мамандарға жарты миллион теңге бөлуге дайын

15.05.2013, 18:00 160


Маман мәселесі шығысқазақстандық денсаулық сақтау саласындағы аса маңызды мәселенің бірі. Оның шешімін табу үшін денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті атқарушы билік қолынан келгенін салып бағуда.

Бүгінгі таңда облыстың емдеу мекемелерінде 440-қа жуық маман жетіспейді. Бұл Өскемен қаласындағы бос орындардың жартысына жуығы, мұнда 200 медицина қызметі қажет.

Бұл мәселені шешу үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 400 грант медицина мамандықтарына оқып жатқандарға бөлінген. 99 студент 6-7 курстарда оқып жатыр екен. Ендеше жақын арада олар біздің аймаққа дәрігер болып келеді.
Бұл проблеманы шешуге «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы да сүбелі үлес қосып отыр. Жас мамандар ауылды жерлерге барып қызмет етіп, жеңілдікпен, несиемен баспана алуда. Көтерме қаражаттың мөлшері жергілікті бюджетке байланысты әр ауданда әр түрлі болса да, жас маманның көтерілуіне септігін тигізуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сенсек, Риддер мен Ұлан аудандарында жас мамандарға жарты миллион теңгеден бөледі. Екінші орында – Күршім мен Аягөз аудандары, үшінші орында Зырян ауданы. Қалған аудандар жаңадан келген медиктерге 121 170 теңгеден бөлуге әзір.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив