KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде қалдықтарды шығару үшін төлем тарифы өседі

14.05.2013, 18:00 137


Өскемен қаласында қатты қалдықтарды өңдеу зауыты салынып жатыр. Жаңа зауытпен бірге шаһарда қоқыс салатын жаңа жәшіктер пайда болып, қалдықтарды шығару үшін төлем тарифы өседі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Астанадағы осындай қалдықтарды өңдеу зауыты тоқыраудың аз-ақ алдында тұрған көрінеді. Өйткені қалдықтарды жоюдың нақты жүйесі қарастырылмаған. Әкімшілік, қоқыстарды шығаратын мекемелер және зауыт арасында байланыс дұрыс орнатылмаған. Өскемен қаласында іске қосылмақ кәсіпорынның басшылығы астаналық әріптестерінің қателіктерін қайталамауды ойластыруда.

«Біз қалдықтарды өзіміз жинап, өзіміз шығаруға тиіспіз. Ол үшін зауыт қоқыс салуға жаңа, бұрынғыдан үлкен контейнерлер сатып алады. Бұл жәшіктерге қазіргідей 8 контейнер сыйып кетеді. Эксперимент ретінде 50 контейнер алмақпыз. Сосын оларды шығаратын екі арнайы көлік қажет болады. Бұл көліктер қоқыстарды бұрынғыдан үш есе тез шығаруға мүмкіндік береді », - дейді Өскемен қалдықтарды өңдеу кәсіпорнының атқарушы директоры А.Шалпаков .

Әрина мұндай жаңалық үшін қосымша ақша төлеуге тура келеді. Егер кәсіпорынның есебі жүзеге асса, қоқыстарды шығару тарифі өсетіні сөзсіз. Александр Шалпаковтың сөзіне сенсек, тариф көп қымбаттамауы керек. Қазір кісі басынан 70 теңге болса, кейін 100 теңгеге дейін көтеріледі.

Жаңа кәсіпорын басшылары қоқыстарды сұрыптайтын жылжымалы кешендерді енгізуді де ойластыруда. Бұл, әрине қаладағы қоқыстың дер кезінде жойылуына септігін тигізгенімен, тағы да халықтың қалтасына салмақ түсірері сөзсіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив