KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Oxford University Press мектебі ұстаздары Өскеменнің мұғалімдеріне ағылшын тілін оқыту әдістемесін үйретеді

14.05.2013, 18:00 208


18 мамырда А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне Oxford University Press мектебі ұстаздары ағылшын тілін оқыту әдістемесінен семинар-тренинг өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Португалиядан келген оқытушы Ванесса Райс Эстевас тренингті жүргізіп, өзінің ағылшын тілін оқыту әдістемесі және оксфордтық грамматиканы оқыту әдістемесі жайлы әңгімелейді.

Аталған семинар ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға, жаңа идея жобалауға мүкіндік беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, кәсіби байланыстар орнатып, әлем мектептері арасында әлеуетті білім беру қатынастарын жақындатып, орнатуға ықпал етіп, ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, жаңа білім алуға септігін тигізеді. Білім беру жүйесін өзге елдердің үздік тәжірибесімен байытудың маңызы зор. Семинар соңында барлық қатысушыларға курсты тыңдағандары туралы сертификат табыс етіледі.

Әлемді танып, өз-өзіңді жетілдірудің түрлі әдісі бар. Соның бірі Елбасымыз айтып өткендей – тілдерді меңгеру. Бұл орайда, біздің кітапхана әрбір азаматқа кітап, компьютерлік жаттығулар көмегімен шет тілдерін меңгеріп, оларды пікірталас клубтары, мерекелер мен осындай семинарлар арқылы жетілдіруге көмек беруге әзір.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив