KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

97 жастағы соғыс ардагері барша халыққа ашық аспан мен өсіп-өнуді тіледі

13.05.2013, 18:00 111


Жеңіс мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының қызметкерлері соғыс және тыл ардагерлерінің үйлерінде болып, оларды ұлы мерекемен құттықтады, алғыстарын білдіріп, оларға зор денсаулық, бақыт тіледі , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

97 жастағы соғыс ардагері барша халыққа ашық аспан мен өсіп-өнуді тіледіӨткен жылдағыдай қызметкерлер Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, 97-жасар - Рахым Мұхамеджанұлы Кагармановқа қонаққа барды. Ол Сталинградты қорғау шайқастарына, Екінші Белорус, Бірінші Украина, Екінші Қиыр Шығыс майданына қатысқан. Соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, «Сталинградты қорғаны үшін», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен және тағы да басқа наградалармен марапатталған. Бейбіт өмір уақытында зейнеткерлікке шыққанға дейін Өскемен әуежайында авиатехник болып еңбек етті.

Рахым Мұхамеджанұлы әлі күнге дейін тың, газет оқып, теледидар көріп, елдегі жаналықтарды біліп отырады. Елбасының жүргізіп отырған саясатын қызу қолдап, «Барша халыққа ашық аспан мен өсіп-өркендеу», - тілеймін дейді.

97 жастағы соғыс ардагері барша халыққа ашық аспан мен өсіп-өнуді тіледіЕңбек ардагерлері – Құсайынова Бимаруа, Зайнутдинова Резида, Минаева Наталья Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өздерінің көптеген құрбылары сияқты тылда аянбай «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек етті. Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін олар да көптеген медальдармен марапатталды.

Ардагерлерге гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлықтары табыс етіліп, ақшалай көмек көрсетілді. Бұл - бүгінгі ұрпақтың жеңімпаз аталарымызға деген орасан зор құрметі мен ықыласының бір белгісі ғана.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив