KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Шығысқазақстандық бал өндірушілер ұшақтарды да бал шырындарымен қамтамасыз ететін болады (+сурет)

12.05.2013, 18:00 127


Болашақта шығысқазақстандық бал өндірушілер ұшақтарды да бал шырындарымен қамтамасыз ететін болады. Өнімді салатын, құятын құтылар мен ыдыстарды да өзіміздің облыста шығару қажет. Жергілікті шаруашылық басшыларына облыс әкімі Б.Сапарбаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің омарта шаруашылығы орталығында болып, осында іске қосылғалы отырған ара балын арнайы ыдыстарға құйып өндіру цехының жұмысымен танысты.

Шығысқазақстандық бал өндірушілер ұшақтарды да бал шырындарымен қамтамасыз ететін болады (+сурет)Омарта шаруашылығы орталығына орнатылған автоматтандырылған желі өндірістік цехта өндірілген балды үлкенді-кішілі ыдыстарға құйып, бекітіп, тұтынушыға тікелей жөнелтуге жол ашатын болды. Польшадан әкелінген бұл жаңа қондырғы әбден тазартылған сапалы бал алуға қол жеткізіп қана қой-
май, оны сауда нарығына қо-лайлы етіп, шағын ыдыстарға құйып шығаруға мүмкіндік бермек.

Шығысқазақстандық бал өндірушілер ұшақтарды да бал шырындарымен қамтамасыз ететін болады (+сурет)10 грамнан бастап бір литр-ге дейінгі көлемдегі пакеттер мен шағын құтыларға құйылып шығарылатын бал ең алдымен облыс мектептерінің оқушыларына, одан соң шетелге шығаруға бағытталып отыр.
Облыс Әкімін бал өндіруге, өнімді ыдыстарға құюға арнал-ған құрал-жабдықтардың жұмыс істеу жүйесімен таныстырған серіктестік директоры Александр Томашенко алдағы уақытта аталған өндірісте биологиялық белсенді қоспалар, балауыз, бал кремі тәрізді қосалқы өнімдердің де көптеп өндірілетінін жеткізді.

Шығысқазақстандық бал өндірушілер ұшақтарды да бал шырындарымен қамтамасыз ететін болады (+сурет)10, 20 грамдық пакеттерге салынған бал асханаға келген мектеп оқушыларының әрқайсысына таратып бергенге ыңғайлы-ақ. Олар қаптау аппараты арқылы арнайы полиэтилен пакеттерге құйылып, бекітілген. Бал ысырап болмай, мөлшерімен беріліп, қай мектепке, қанша балаға, қандай көлемде бөлінгені де белгілі болып отырады. Омарта шаруашылығы орталығының өндірісінде бал шырыны да арнайы ыдысқа құйылып шығарылмақ екен. Суға ерітілген бал қоспасының шырыны да шағын пакеттерге салынған күйінде үлестірілмек.

Алайда, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев мұндай пакеттердің мектеп оқушыларының пайдалануы үшін үлкен қолайсыздық тудыратынын, төртбұрыш пакетке салынып бекітілген балды қасықпен алып жеу, сондай-ақ, осындай пакетке құйылған сұйық шырынды ішу әркімді әжептәуір әуреге түсіретінін айтып, оларды түтікше арқылы ішетіндей немесе арнайы құтыға құйылған қалпында ыңғайлы етіп шығару қажеттігін айтты.

Облыс Әкімі сонымен қатар, шаруашылық басшыларына түтікшелі бал шырындарды болашақта ұшақтарда пайдалануға шығару керектігін де ескертті.

– Мектеп оқушыларын қамтудан кейін балды шетелдерге шығаруға баса көңіл бөлу керек. Оларды салатын, құятын құтылар мен ыдыстарды да өзіміздің облыста шығару қажет, – деді облыс әкімі серіктестік басшыларына келешекте өндіріс саласын кешенді түрде дамытуды ұсынып.

Жанаргүл Мұқатай

Суреттерді түсірген: Е.Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив