KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
448.89 477.93 4.76

Ішкі істер органдарының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті (+сурет)

7.05.2013, 18:00 133


Бүгін Өскемен қаласында облыстағы ішкі істер органдарының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетті. Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған салтанатты митинг дәстүр бойынша «Стрелка» шағын ауданындағы Даңқ мемориалының қасында басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстаннан майдан даласына 182 604 адам аттанса, олардың тек 86 мыңынын маңдайына елге оралу жазылыпты. Отан үшін отқа түскендердің арасында милиция погонын Қызыл Әскердің қатардағы жауынгерінің погонына ауыстырғандар да бар еді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті (+сурет)Ішкі істер органдарының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті (+сурет)

Салтанатты митинг бір минут үнсіздікпен басталды. Самайларын аққырау шалған ардагерлер ойша бір сәтке жас күндеріне оралып, қанды көйлек жолдастарын, әке мен аға-бауырларын еске алды. Бүгінгі таңда облыста 23 соғыс ардегері, оларға теңестірілген 4 ардагер, Ленинград блокадасының 1 тұрғыны және 105 тыл ардагері бар.
Жиналғандар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза болған шығысқазақстандықтардың рухына тағзым етті.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті (+сурет)
Ішкі істер органдарының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті (+сурет)
Ішкі істер органдарының қызметкерлері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті (+сурет)

Салтанатты жиын бұдан кейін әр кездері қызметтік борышын атқару барысында қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған Обелиск алдында жалғасты.

Жиналғандарды облыстық ІІД-нің бастығы, генерал-майор Рашид Жақыпов, ІІМ-нің құрметті ардагерлері, генерал-майор Майдан Аманжолов, ішкі қызметтің полковнигі Құрмет Рахимов, облыстық ішкі істер органдары ардагерлері Кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев салтанатты жағдайда құттықтады.

Салтанатты шара мерекелік түстенумен аяқталды. Дастархан басында жиналған соғыс ардагерлері өткендерін еске алып, әңгіме-дүкен құрды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив