KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Мүмкіндігі шектеулі 40 балаға әлеуметтік-медициналық көмек көрсетіліп отыр

7.05.2013, 18:00 254


«Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігі аудандағы мүмкіндігі шектеулі 40 балаға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және басқа да қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Биылғы ақпан айында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Психоневрологиялық патологиясы бар балалар мен 18 жастан асқандарға және тірек-қимыл қозғалысында бұзылыстары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету» атты мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялаған-ды.

Аталған конкурсқа өз жобасын ұсынған «Тарбағатай табиғаты» экологиялық қоғамдық бірлестігі жеңімпаз деп танылып, соның негізінде аудандағы 40 мүмкіндігі шектеулі балаға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және басқа да қызметтер көрсетілетін болды.

Бүгінгі күні жоба бойынша нақты жұмыстар басталып, жобаға қатысатын мүмкіндігі шектеулі 40 бала нақтыланды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив