KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Білім ордасының жанындағы бақта алма мен мойыл гүлдейді

5.05.2013, 18:00 151


Қайырымды істер айлығы шеңберінде облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен Өскемендегі химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Жасыл әлем» акциясы өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Оған аталған мектептің 7-сынып оқушылары, ұстаздар мен ата-аналар, №1 жергілікті басқару комитеті филиалы ардагерлер ұйымының «Қазына» шығармашылық ұжымы, «Шығыс дарындары» балалар баспасөз орталығының тілшілері, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері қатысты.

Мектеп жанындағы бақта 40 жабайы алма, мойыл және тағы басқа ағаштар егілді. 7-сынып оқушыларының аллеясындағы ағаштарды күтіп-баптау арқылы балалар өздерінің теориялық білімдерін тереңдетіп, ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.

С. Мұздапарова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив