KZ
Өскемен
+9°
пасмурно Штиль
448.89 477.93 4.76

Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)

3.05.2013, 18:00 296


Семей қаласындағы Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 68 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 21 жылдығына арналған «Батыр бабалар рухына тағзым» атты әскери-патриоттық шара өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінде атап айтқандай,аталмыш акция «Ақылдастар» ауыл ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Патриоттық акцияға соғыс және еңбек ардагерлері, әкімдік, қоғамдық ұйым өкілдері, ЖОО студенттері, мыңға жауық мектеп оқушылары қатысты.

Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)Шара барысында қала мектептерінің оқушылары «Мәңгілік алау», Кеңес Одағының Батырларына қойылған құлпытастарға гүл шоқтарын қойды. Майдан даласынан оралмаған боздақтарды еске алды.

Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Екінші Украин майданында соғысқан Қуантқан Иманғали өз сөзінде шараның ұйымдастырушыларына, қала басшылығына, жас ұрпаққа алғысын білдірді.

«Бұл іс-шараның келер ұрпақ – жастарға берері өте мол деп ойлаймын. Біздің батыр бабаларымыз қасық қаны қалғанша майдан шебінде жүріп, фашистік Германияға қарсы адуынды қарсылық көрсете білді. Қаншама батырларымыз майдан алаңынан оралмады. Бұл іс-шара бүгінмен ғана шектелмеуі керек. Бұл - әрқайсысымыздың жүрегімізде мәңгі жүруі тиіс. Осы сәтті пайдаланып, мен де батыр бабаларымыздың рухына арнап, басымды иемін», - деді ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Айдар Садырбаев.

Сонымен қатар құттықтаушылар қатарында қалалық білім беру бөлімі өкілдері, тыл ардагерлері де болды.
Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)
Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)

Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)
Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)

Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)

Жас ұрпақ батыр бабалар рухына тағзым етті (+сурет)
Шара ұйымдастырушыларының бірі, «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры Санат Шогеловтің пікірінше, соғыс қаһармандарын жадымызда мәңгі сақтау үшін осындай акциялар өткізу өте маңызды. Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері ешқашан ұмытылмауы тиіс.Бабалар рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою, мектеп оқушылары мен ҚазИГЗУ әскери кафедрасы студенттерінің салтанатты шеруі, қаза тапқан қаһармандарды еске алып, шарларды әуеге ұшыру - бұның бәрі жастардың отансүйгіштік сезімінің артуының дәлелі болып табылады.

Әскери-патриоттық шара қала көркемөнерпаздарының концертімен жалғасты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив