KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Семей қаласының тұрғыны көрші пәтерде шыққан өрттен 4 және 7 жастағы екі балғынды құтқарып қалды (+сурет)

29.04.2013, 18:00 279


Семей қаласының тұрғыны көрші пәтерде шыққан өрттен 4 және 7 жастағы екі балғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ТЖБ –ның бас маманы Айгүл Мирсаитованың айтуынша, Пупковқа өрт шыққаны туралы көршісі келіп айтқан. Үй иесі түтін шығып жатқан көршілерінің есігін қанша қақса да, ешкім ашпайды. Далаға жүгіріп шыққан ол еш ойланбастан көк түтінге оранған көрші пәтерге желдеткіш арқылы сүңгіп кетеді.


Семей қаласының тұрғыны  көрші пәтерде шыққан өрттен 4 және 7 жастағы екі балғынды құтқарып қалды (+сурет)Семей қаласының тұрғыны  көрші пәтерде шыққан өрттен 4 және 7 жастағы екі балғынды құтқарып қалды (+сурет)Семей қаласының тұрғыны  көрші пәтерде шыққан өрттен 4 және 7 жастағы екі балғынды құтқарып қалды (+сурет)Семей қаласының тұрғыны  көрші пәтерде шыққан өрттен 4 және 7 жастағы екі балғынды құтқарып қалды (+сурет)

Сөйтіп, көзді ашытқан түтінге қарамастан жатын бөлмеге кіргенде төсекте көрпе астына тығылып жатқан екі баланы байқайды. Біреуін алып шығып, екіншісіне қайта оралғанда, бала орнында болмай шығады. Іздеп жүріп, оны ас үйде үстел астына тығылып отырған жерінен табады. Осылайша екі балғынды да тілсіз жаудан аман алып қалған соң, келесі бөлмеде жанып жатқан кілем мен көрпені де терезеден далаға лақтырады.

Екі баланы аналары сыртынан құлыпқа жауып кеткен екен. Мамандар ересектердің жауапсыздығы бақытсыз жағдайға әкеп соқтыра жаздағанын айтады. Пәтердің бірінші қабатта орналасқаны ғана зардап шегушілерді дер кезінде құтқарып қалуға мүмкіндік берді. Георгий Георгиевич Пупков 2006 жылы туған Данияр Жүнісов пен 2009 жылғы Нұрәлі Жүнісовтің өмірін сақтап қалды.

Семей қалалық ТЖ басқармасы Пупков Георгий Георгиевичке төтенше жағдай кезінде батылдық танытып, екі баланы құтқарып қалғаны үшін алғыс білдіреді. Бұл жағдай өрттегі адамдарды құтқарудағы қажет шешімді дер кезінде қабылдаудың маңыздылығын тағы да растай түседі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив