KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Келесі жылы «Самұрық қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ салатын тұрғын үйлердің аумағы екі есе артады

25.04.2013, 18:00 189


«Самұрық қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ биыл 150 мың шаршы метр үй салады. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Болат Палымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, ағымдағы жылы салынуы жоспарланған 150 мың шаршы метр тұрғын үйдің 60 мың шаршы метрден астамы сатып алу құқымен жалға алу арқылы жүзеге асады. Ал келесі жылы бұл көрсеткішті 390 мың шаршы метрге ұлғайту көзделген.

– Біз қазір 170 құрылыс компаниясымен жұмыс істейміз. Одан бөлек 300-ден астам құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындарымен әріптестік орнаттық. Дегенмен, таза, сенімді құрылыс компанияларын дұрыс таңдай, іріктей білуіміз керек. Өйткені, кезінде дағдарысты сылтауратып, азаматтарды ақшасынан да, үйінен де айырғандар аз емес, – дейді Болат Палымбетов.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив