KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Шығыс Қазақстанда жаз кезінде 900-ден астам балалар лагері жұмыс істейтін болады

24.04.2013, 18:00 174


Шығыс Қазақстанда жазғы демалыс кезінде 900-ден астам жазғы лагерь жұмыс істеп, онда 110 948 балаға қызмет көрсетілмек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша,облыста 31 қала сыртындағы жазғы лагерь жұмыс істейді. Бұл жазғы демалыс лагерьлері 20 014 баланы қамтиды.

Ағымдағы жылы мұнан басқа, 611 мектеп жанындағы, 11 дебаттық, 48 спорттық, 38 киіз үй мен шатырлық, 1 шипажай үлгісіндегі лагерьлер жұмыс істемек. Осы мақсатта жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде жалпы саны 900-ден астам лагер жұмыс істеп, 110 948 балаға қызмет көрсетпек.

Жергілікті жері бойынша балалардың бос уақытын өткізу үшін жазғы мезгілде қалалар мен аудандарда 112 аула клубы, оның ішінде 20 - ауылда, ал 92-сі қалаларда жұмыс істейді. Онда үйірме сабақтарымен қатар психологиялық көмек көрсету қызметі жұмыс істейтін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив