KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

«Мамандағым - мақтанышым» акциясы мамандық таңдауға көмектеседі (+сурет)

24.04.2013, 18:00 198


Екінші жыл қатарынан Семейде орта арнаулы оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылатын «Мамандығым – мақтанышым» атты акция болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы тілшімізге Семей қалалық ішкі саясат бөлімінде хабарлады.

Аталмыш акцияның басты мақсаты – жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, кәсіби-техникалық мамандықтарды насихаттау болып табылады. Бұл іс-шара мектеп бітірушілер үшін энергетика, телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, геология, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, геодезия және картография саласындағы мамандықтармен жақын танысуға мүмкіндік берді.

Қалада техникалық және кәсіптік білім беру саласында 33 колледж 110 мамандық бойынша маман даярлайды. Бұл оқу орындарында 20 мыңнан астам студент оқиды. Жыл сайын 5 мыңға жуық түлек орта арнаулы білім алып шығады.

Акцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева атап өткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі техникалық мамандықтардың қажеттігін, еңбек адамының қоғамдағы рөлін арттыруды алға тартып отырады. Елімізде индустриалды-инновациялық жобалар қарқынды жүзеге асырылып келеді. Оған жаңа техника мен технологияларды жетік меңгерген кәсіби мамандар қажет екені белгілі. Қай салада болмасын білікті де білімді маманның мерейі үстем болмақ.

«Жасыратыны жоқ, біздің қоғамда заңгер, қаржы, есеп және аудит, менеджмент саласындағы мамандық иелері өте көп. Ал, орта кәсіптік мамандық иелері тапшы. Сондықтан бүгінгі таңдауларыңызға асқан жауапкершілікпен қарауға шақырамын», - деді қала әкімінің орынбасары.

«Мамандағым - мақтанышым» акциясы мамандық таңдауға көмектеседі (+сурет)«Мамандағым - мақтанышым» акциясы мамандық таңдауға көмектеседі (+сурет)«Мамандағым - мақтанышым» акциясы мамандық таңдауға көмектеседі (+сурет)

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив