KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Риддер аграрлық-техникалық колледжінің биылғы түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылды

22.04.2013, 18:00 76


Риддер кен байыту кешенінің, «Қазцинк-Шахтастрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары Риддер аграрлық-техникалық колледжінің оқушыларымен кездесті. Әңгімелесу барысында жоғары курс оқушыларының барлығы да өз мамандықтары бойынша жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ал Риддер металлургия кешенінің өкілдері болашақ металлургтердің қойған сұрақтарына жауап бере келіп, мамандықтарын тереңірек меңгеру үшін өз кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуге шақырды.

Бес құрылыс компаниясының өкілдері «Ғимараттар салу және пайдала-ну» мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары курстың жиырма оқушысын жұмысқа алатындары жөнінде шарт жасады.

Бұған қоса орман шаруашылығының кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер де колледж түлектерін өз қатарына тартуға ықылас білдірді.

Кәсіпорындар басшылары кездесуде әртүрлі мамандықтарды игеріп жатқан жалпы жиыны 93 оқушыны өндірістік тәжірибеден өткізу жөнінде келісімшарт жасауға дайын екенін атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив