KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Шығыс Қазақстанда бірнеше көпірді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр

18.04.2013, 18:00 186


Шығыс Қазақстан облысында биыл бірнеше көпір жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исаховтың айтуынша, үстіміздегі жылы Өскемен қаласындағы Самар тасжолының теміржол арқылы өтетін арнайы өткелінің құрылысы, Зырян ауданындағы «Көгілдір бұғаз» демалыс орнына кіреберіс автожолын қайта жаңарту жұмыстары қолға алынады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Катонқарағай ауданы, Аршаты ауылындағы Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жалғасады.

Аймағымыздағы үш көпір күрделі жөндеуден өтеді. Олар: «Өскемен–Таулы Үлбі–Северное» автожолындағы Смолянка өзені арқылы өтетін көпір, «Күршім–Қалжыр–Ақбұлақ–Қарой–Ашалы» автожолында Қалжыр өзені арқылы өтетін көпір және «Күршім–Қалжыр» автожолындағы Қалғұты өзені арқылы өтетін көпір.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив