KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Студенттер Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесін талқылады

17.04.2013, 18:00 232


Семейлік студенттер Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесін оқырмандар конференциясында талқылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған шараға қала колледждерінің студенттері мен ұстаздары қатысты.

Конференцияда бизнес колледжінің тілдер кафедрасының меңгерушісі Б. Сайлауғазинова «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің жазылу тарихы, кітапхананың дамыту бөлімінің меңгерушісі Қ. Нұрқасым «Оралхан рухы» жайлы өз ойларын ортаға салды.
Студенттер повесті талдай отырып, әр қайсысы шығармадан алған өз әсерлерін, түйген ойларын, ерекше сезімдеріне әсер еткен оқиғаларды әңгімеледі.
Олар Оралхан Бөкеевке арналған жыр жолдарын оқыды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив