KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Шығыс Қазақстан облысында 93 шақырым автокөлік жолдары жөндеуден өткен соң тақтайдай жалтырайды

16.04.2013, 18:00 129


Алдағы жол-құрылыс маусымында Шығыс Қазақстан облысында 3 көпірді жөндеу және 93 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Оған қоса «Таңсық станциясы-Қозы-Көрпеш-Баян–Сұлу ескерткіші» автожолының құрылысы, «Мақаншы-Жалаңашкөл», «Ақсуат-Бөкей-Қарасу-Ақжар-Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолының учаскелері, «Үлкеннарын-Күршім», «Күршім-Қалжыр», «Барлық-Арасан-Алакөл көлі», «Казнаковка өткеліне кіреберіс», «Үлкен Бөкен-Көкжайық-Үлгілі малшы», «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-РФ шекарасы» автожолдарын күрделі жөндеуден өткізуді жалғастыру қарастырылып отыр. Катонқарағай ауданы Аршалы ауылы жанындағы Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы жалғастырылады.

Өскемен қаласындағы «Самар тасжолының жарнасындағы темір жол арқылы өтетін автомобиль жол өткелінің құрылысы, Зырян ауданындағы «Көгілдір бұғаз» демалыс орнына кіреберіс» автожолын қайта жаңарту бойынша нысандар пайдалануға берілмек.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Мақсұт Исаховтың айтуына қарағанда, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен 6 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Облыста автомобиль көліктері тұрақты 328 маршрутқа шығады, 5 автобекет пен 31 автостансалар жұмыс істеп тұр»,- дейді басқарма бастығы.

Шешімін әлі таппаған мәслелер де жоқ емес. Мәселен, облыс бойынша 790 елді мекендердің 309-ы тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілмеген, яғни жалпы санынан 38% құрайды. Облыстың елді мекендерінде аялдама пунктері мен соңғы аялдамалар жоқ немесе құрылыс нормаларының талаптары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Облыстың бағыттық желісінде 2192 аялдама және тоқтау пунктері бар, оның 848 пункті талаптарға сәйкес емес.


Темір жол көлігіне келер болсақ, биыл тоғыз бекетке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

ШҚО әкімдігінің бастамашылығымен «Үржар-Алматы» әуе рейсі республикалық бюджет қаражаты есебінен 94 млн. теңге сомаға ашылатын болады.

«Зайсан-Алматы» әуе бағытын ашу мәселесі көтерілуде.

2020 жылға дейін Көлік инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау үшін Зайсан, Үржар, Күршім және Катонқарағай аудандарының әуежайларын республикалық бюджет қаражаты есебінен қайта жаңартуға ұсыныстар енгізілді. Алдын ала есептеулер бойынша Үржар ауданының әуежайын арнайы техникамен жарақтандырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен, қайта жаңарту жұмыстары шамамен 1,34 млрд теңге соманы қажет етеді.

Қазіргі уақытта «Ертіс» және «Енисей» мамандардырылған паромдары облыстың коммуналдық жеке меншігіне қабылданды және «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ теңгеріміне бекітіліп берілді. «Енисей» паромы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көлбеу алаңға шығарылды.
2020 жылға дейін ҚР Инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы бойынша Семей қаласында бір айлақ пен өзен бекетінің құрылысына ұсыныс енгізілді.

Мәлімет көзі:ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив