KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстандықтар үшін Түркияда жылжымайтын мүлік сатып алу әлдеқайда арзан

15.04.2013, 18:00 100


Таяуда Қазақстан Түркиядағы жылжымайтын мүлікті сатып алатын көшбасшы елдердің тізіміне кіруі мүмкін. Қазақстан азаматтары Түркия Республикасында 57 жылжымайтн мүлік нысанын сатып алды. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісінде Sinan Insaat (Синан Иншаат) құрылыс компаниясының өкілі мәлімдеді., деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Sinan Insaat компаниясының Қазақстандағы басқарушысы Александра Соколованың айтуынша, 2012 жылдың тамызынан бастап Түркияда шетелдіктердің жылжымайтын мүлікті сатып алуы туралы өзара түсіністік қағидасын алып тастайтын заң күшіне енді. Қазақстан бүгінде түріктің жылжымайтын мүлігін ешқандай шектеусіз сатып алуға құқылы 129 елдің қатарында.
«Қазіргі күні бірінші мүлік иесінің отбасы мүшелері елде тұруға рұқсатты ала отырып, Қазақстан азаматтары жеке тұлғаның атынан жылжымайтын мүлікті сатып ала алады. Елде тұру рұқсатын алу үшін түрік елшілігіне жылжымайтын мүлік меншігін растайтын куәлікті, паспорт пен сауалнаманы тапсыру қажет. Жылжымайтын мүлік меншігін растайтын куәлік Түркия аумағына меншік иесінің жеке өзі барған жағдайында ғана рәсімделеді. Рәсімдеу барысында меншік иесінің атына салық органында салық төлеушінің нөмірі және банкте шот ашылады. Құжаттарды рәсімдеу кадастр палатасында жүргізіледі. Қазір жылжымайтын мүлік иелері үшін жағдайды жеңілдететін заңнамалық өзгерістер енгізілуде», - деп атап өтті Sinan Insaat компаниясының Қазақстандағы басқарушысы Александра Соколова.

57 жылжымайтын мүлік нысанының 15-сі Мерсин облысында сатып алынған. Бұл Қазақстан азаматтарының тұруы және инвестиция құюы үшін жаңа аймақ болып табылады. Мерсин облысындағы ірі құрылысшы - Синан Иншаат компаниясы. Компания Жерорта теңізінің бірінші жағажай желісінде өзінің құмайт жағажайлары бар апартаменттерді салумен айналысады екен.

Тұрғын үй кешендерінде аквасаябақ, бассейн, хамамдар, сауналар, спорт және балалар алаңдары, паркинг, дүкендер, мейрамханалар, сән салондары, дәріханалар секілді демалу мен тұрақты тұруға арналған бүкіл инфрақұрылым бар. Кешендердің аумағы қоршалған және қорғалады. Барлық кешендер бүкіл кешендердің инфрақұрылымын тегін пайдалануға рұқсат беретін бірыңғай клубтық жүйеге біріктірілген. Клубтық жүйеге жалпы ұзындығы 7 шақырымды алып жатқан жағажай желісінің бойында салынған 12 кешен кіреді. 7 кешен қазір әртүрлі құрылыс кезеңінде салыну үстінде.

Салынып жатқан кешендегі апартаменттердің құны бір шаршы метр үшін 600 еуродан басталып, жиһазы мен техникасы бар салынып қойылған кешендегі бір шаршы метрі үшін 850 еуроға дейін жетеді. Қабатқа қарай үстеме бағаны төлеу жоқ. Апартаменттердің аумағы 75 шаршы метрден 195 шаршы метрге дейін құрайды. Коммуналдық төлемдер жылына 380 еуродан 500 еуроға дейін құрайды.

Меншік иесі үйінде жоқ болған уақытта пәтер басқарушы компанияның қарауында болады, сондай-ақ, компания апартаменттерді жалға беру және жылжымайтын мүлік пен меншік иесінің мүлігі үшін материалды жауапкершілікті өз мойнына алады. Меншік иесінің жалға беруден түсетін табысы маусым кезінде тәулігіне 80 еуродан 160 еуроға дейін және маусымаралық кезеңде айына 600-1200 еуроны құрайды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив