KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Ақсуатта қазақ күресінің абыройы асқақтады

14.04.2013, 18:00 238


ШҚО Ақсуат ауылында өткен Ырғызбай Досханаұлы атындағы республикалық турнирде тарбағатайлық Мақсат Мәзбаев бас жүлдені және облыс әкімінің атынан берілетін «Ең үздік техникалық шеберлігі үшін» деген атаулы сыйлықты жеңіп алды. Ал демеушілер бас жүлдеге тіккен «Шкода» жеңіл автокөлігі жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген Шалқар Жоламановқа бұйырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Турнирдің ақтық сайыстарын облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бірге Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының президенті, профессор Серік Түкеев бастаған бір топ мәртебелі меймандар тамашалады.

Жартылай финалда 2012 жылы «Қазақстан барысы» атанған тараздық Бейбіт Ыстыбаевты осы доданың қола жүлдегері болған жерлесіміз Айбек Нұғымаров тізерлетсе, қызылордалық Ұлан Рысқалиды былтырғы «Қазақстан барысының» күміс жүлдегері, атан жілікті балуан Шалқар Жоламанов ұпай санымен жеңіп кетті. Ал ақтық айқаста Шығыстың қос алыбы кездескен. Бірақ Айбек Нұғымаров ағасы Шалқарға жолын беріп, өзі күміс жүлдені місе тұтты. Демеушілер бас жүлдеге тіккен «Шкода» жеңіл автокөлігі жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген Шалқарға бұйырды.

"Қарсыластарым осал болды деуге келмейді. Бәрі де сайдың тасындай ірі, кіл мықтылар. Олардың төртеуі – «Қазақстан барысы» додасында өзіммен бірге күш сынасқан балуандар. Ал енді ақтық сынға келсем, Айбек інім менің жасымды сыйлап, інілік ілтипатын көрсетті, мәрт мінезін танытты. Бұл – нағыз ер-азаматқа тән шешім", – деп ағынан жарылған Шалқар Жоламанов мұндай шаралардың көптеп өткізілуі кейінгі жас буынның спортқа, соның ішінде күреске қызығушылығын арттыра түсетінін айтты.

Серік Әбілхан
Суретті түсірген Е.Орынбаев

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив