KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Бала асырап алсам, көпбалалы ана атанамын ба?

9.04.2013, 18:00 152


– Менің үш қызым бар. Күйеуім ұл бала асырап алайық деп отыр. Жақында күйеуден ажырасып келген сіңлім босанады. Сіңлім босанғаннан кейін, туылған баланы асырап алсақ деп отырмыз. Егер заңды түрде асырап алсақ, мен көпбалалы ана атана аламын ба? Мұндай жағдайда маған қандай жеңілдіктер болады?

М. Қалиакперова
Зырян ауданы.

Сауалға Еңбек және халықы әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы Р.Көшкімбекова жауап береді:

– Қазақстан Республикасы-ның 2005 жылғы 28 маусымдағы «Қазақстан Республика-сының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемқылар туралы» Заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ, қорғаншылық-қа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылар: біріншіден, бала тууына байланыс-ты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақыны, екіншіден, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны, үшіншіден, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны алуға құқығы туындаған кезде өтініш бере алады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көпбалалы отбасылар-ға бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив