KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ауыл оқушылары ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай экспозицияларымен танысты(+сурет)

4.04.2013, 18:00 152


ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай қызметкерлері Жаңа-Семей аймағының Знаменка ауылында болды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі мұражайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Адамды бейнелеу өнерге баулу жастайынан басталады. Ауыл оқушыларын сұлулық әлеміне жақындату үшін ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер мұражай қызметкерлері бір қатар іс-шаралар ұйымдастырды. Оның ішінде мұражай жұмысы мен ұсынылатын қызметтері туралы толық ақпараттар берілді.
Ауыл оқушылары ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай экспозицияларымен танысты(+сурет)
Ауыл оқушылары ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай экспозицияларымен танысты(+сурет)
Ауыл оқушылары ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай экспозицияларымен танысты(+сурет)
Ауыл оқушылары ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай экспозицияларымен танысты(+сурет)
Ауыл оқушылары ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай экспозицияларымен танысты(+сурет)
Кездесу шараны ауыл әкімі Абусана Қарсақбаев ашып, мұражай қызметкерлеріне ынтымақтастық үшін алғыс айтты. Мұражай экспозициялары мен оның шығу тарихы туралы виртуалды дәріс оқушыларды ерекше қызықтырды.

Сонымен қатар, төменгі сынып оқушыларына Космонавтика күніне арналған қызықты тренинг өтті. „Алыс ғаламшар„ тренингінде оқушылар космосты зерттеген көптеген ғалымдар, космонавтар туралы танымдық әңгімелер естіді. Практика жағынан олар тұзды су бояумен өз планеталарын жасады.

Балалар мектеп холлында қойылған қазақ өнерінің негізін қалаушы Ә. Қастеев шығармаларының репродукцияларын тамашалады. Туған жерге деген махаббатқа толы шығармалар өсіп келе жатқан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Кездесу естелігі ретінде мектепке шығармашылық тренингтің әдістемелік бағдарламасы, мұражай экспозициясы бойынша виртуалды экскурсиясы бар диск сыйға тартылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив