KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 223 жол-көлік апаты тіркелді

1.04.2013, 18:00 127


Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғалары 2012 жылмен салыстырғанда 46,2 пайызға артқан. Тек үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында ғана 223 жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне жүгініп.

Қайғылы оқиғалардың салдарынан 24 адам қаза болып, 271 жүргінші жарақаттанған. Өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 38,5 пайызға артты, ал жарақат алушылардың саны 41,1 пайызға өскен.

Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, жол апатынан қайтыс болғандардың көрсеткіші 11,1 пайызға төмендепті. Сонымен қатар мас кезінде көлік басқару фактілері де азайғаны байқалады. Жол сақшыларының берген мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 44,4 пайызға азайған.

Жүргіншілердің кінәсінен тіркелген 19 жол-көлік оқиғасының салдарынан 2 адам қаза болды, 17 адам жарақаттанған.

Жолдағы бақытсыз оқиғалардың 26-ы балалардың қатысуымен болған. Жол оқиғасында 28 бала жарақат алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив