KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1,7 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)

31.03.2013, 18:00 163


Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен тас жолының бойында болған жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді. Зардап шеккендердің біреуі 11 жастағы бала, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің берген мәліметтері бойынша, бақытсыз оқиға Жарма ауданындағы Балықтыкөл ауылының маңында болған.
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 5 адам қаза тауып, 4 жолаушы жансақтау бөліміне жеткізілді (+сурет)
«Тойота-Камри» автокөлігінің 1975 жылы туған жүргізушісі К.А. қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Карина» көлігімен бетпе-бет соғылған. Жол апатының салдарынан 2 көліктің де жүргізушілері, «Тойота-Карина» салонындағы 2 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, осы көліктің тағы бір 1971 жылы туған жолаушысы алған жарақаттарынан аудандық орталық ауруханада қайтыс болды.

«Тойота-Камри» көлігінің 4 жолаушысы Жарма ауданындағы № 1 медициналық бірлестігінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Олардың біреуі 11 жастағы бала.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив