KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Оралхан Бөкей туралы фильм түсірілді

31.03.2013, 18:00 243


Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында «Оралхан Бөкейді қайта оқимыз» атты акция болып өтті. Шараға майталман жазушының көзін көрген қаламдас достары мен өңірімізге белгілі суретшілер қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Суретшілер мұнда не істеп жүр?» деп таңғалатындар да бар шығар. Орайы келгенде айта кетейік, аталмыш мұражай бұған дейін «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі суретшілер байқауын өткізіп келген. Сол байқауды биыл Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп, ұлы жазушының мерейтойына орайластырып отыр.

Шарада облыстық кітапхананың өкілдері жазушының кітаптарынан шағын көрме өткізіп, шығармаларынан қысқаша мағлұмат беріп өтті, сондай-ақ, келген суретшілерге Оралхан Бөкейдің соңғы шығармаларымен кеңірек танысуы үшін «Оқырман куәлігін» сыйға тартты.

Бұл шарада тағы бір атқарылған игі іс, Алтайдың кербұғысына арналған «Кісікиік» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Мұражай қызметкері, жас ақын Азамат Тасқараның авторлығымен түсірілген фильмге жазушының туған жері мен шығармаларындағы кейіпкерлері арқау болған. Мұражай қызметкерлері бұл бейне-сюжетте бұрын жазушы шығармаларының кейіпкеріне айналғанымен, құпия күйінде қалып қойған кейіпкерлер де кездесетінін айтады.
Кеш барысында Мүсілім Құмарбекұлы, Бақытжан Райысова сынды қаламгерлер көркем сөз падишасы туралы құнды естеліктер айтты.

Мұратхан Кенжеханұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив