KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Шемонайха ауданында бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

30.03.2013, 18:00 95


Шемонайха ауданында жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге «екі қолға бір күрек» іздеген 21 адам мен шағын және орта бизнес субъектілерінің 5 өкілі қатысты. Күн көріс көзін іздеген азаматтарға «ЭсБи-Констракшин ЛТД» ЖШС, «Көк Жал-Бетон» ЖШС, Шемонайха колледжі, №5 жалпы білім беретін орта мектеп, «Благо» қайырымдылық жобасы жұмыс орындарын ұсынды.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу нәтижесінде 1 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 18 адам жұмысқа орналасу мәселесі бойынша кеңестер алды, 4 адам қоғамдық жұмыстарға, 1 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив