KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Облыстың ең үздік артистері ШҚО мәдениет басқармасының жыл сайынғы «Маска» сыйлығымен марапатталды

30.03.2013, 18:00 60


Өскемен қаласында облыстың ең үздік артистері ШҚО мәдениет басқармасының жыл сайынғы «Маска» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыс орталығында тұңғыш рет Өскемен мен Семей қалалары театрларының өкілдері Халықаралық театр күнін атап өту үшін бас қосты.

Металлургтердің Мәдениет сарайында бастау алған мерекелік шара «Жастар» саябағында жалғасты. Бұл жерде артистерді тосын сыйлар күтіп тұрған болатын. Голливудтағыдай қызыл кілем үстінен өткен меймандарды артистер Абай, Федор Достоевский, Жамбыл Жабаев бейнелерінде қарсы алды. Өнер адамдарының құрметіне профлеш пен мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

«Облыстық мәдениет басқармасы артистердің төл мерекесі қарсаңында «Маска» сыйлығын тапсыруды жақсы дәстүрге айналдырған. Биыл осымен 11 рет өткізілді. Дегенмен дәл биылғыдай кең ауқымда алғаш рет тойланып отыр. 54 артист Құрмет грамоталары және сыйлықтарға ие болды. Тағы бес адам ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің наградаларымен атап өтілді» деді облыстық мәдениет басқармасында.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив