KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі қатаң бақылауда (+сурет)

28.03.2013, 18:00 133


Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы қалыпты. Әзірге еріген қар суы басып қалған елді мекендер тіркелмеген. Өзендердің ернеуінен шығып кетпеуі қатаң бақылауға алынды. Алайда таулы аймақтарда қар сөбесінің әлі қалың екендігін ескерсек, аймақта су тасқыны қаупі әлі де жоғары, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, елді мекендердің су астында қалмауына қырағы бақылау жасау мақсатында ҚР ТЖМ-нің облысқа көмекке келген қосымша күштері су тасқыны болуы мүмкін аса қауіпті аймақтарға шоғырланған.

Департамент мамандарының айтуынша, Зырян ауданындағы Парыгино ауылында Қарағанды қаласынан келген ҚР ТЖМ 52859 ә/б 15 қызметкері мен 1 техникасы, сонымен қатар Жамбыл ТЖД-нің 14 маманы мен 2 техникасы табиғат апатына қарсы тұруға сақадай сай.
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі қатаң бақылауда (+сурет)
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі қатаң бақылауда (+сурет)
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі қатаң бақылауда (+сурет)
Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі қатаң бақылауда (+сурет)
Катонкарагай ауданындағы Барлық ауылында ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімшесінің 30 әскери маманы мен 3 техникасы дайын тұр.

Көкпекті ауданындағы Черноярка елді мекенінде 52859 әскери бөлімшесінің 5 адамы мен 1 техникасы, Астана қаласының медицина және катастрофа орталығының 6 маманы мен 1 техникасы орналасқан. Ал Самар ауылының қауіпсіздігі қызылордалық 5 құтқарушы және 1 техникамен, Шымкент қаласының Оңтүстік аймақтық аэромобильді жедел-құтқару отрядының 16 қызметкері және 3 техникасымен күшейтілді.

Күршім ауданындағы Орта Теректі ауылында Оңтүстік Қазақстан ТЖД-нің 17 маманы мен 1 техникасы тоғысқан.

«Бөлімшелердің жеке құрамдары су тасқаны қаупі бар аймақтарға тәулік бойы бақылау жасап, еріген сулардың ағатын жерлерін дайындау жұмыстарына қатысуда. Сонымен қатар Көкпекті ауданында құтқарушылар жергілікті аиқарушы органдармен бірлесіп қарғын суға қарсы іс-шараларды және тұрғындарды көшіру тәсілдерін пысықтау мақсатында тактикалық оқу-жаттығулар өткізді» деп түсіндірді департаментте.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив