KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Науқас баланы қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті

27.03.2013, 18:00 132


Семей қалалық Мәдениет сарайында қайырымдылық концерті өтті. Бұл шара 13 жастағы науқас бала Асқар Жанғазиннің емделуіне қаражат жинау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Асқар бала кезінен ауырады. Дәрігерлердің қойған диагнозы остеогенез, яғни сүйектері осал. Мұндай балаларды хрусталь шынысынан жасалған деп те атайды. 13 жылдың ішінде Асқар сүйектерін 200 рет сындырып үлгерді. 2007-2008 жылдары ол Мәскеуде 7 рет ем-дом қабылдапты. Қазір оның құлан таза жазылуына мүмкіндік туып отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі оған шетелде емделуге квота бөліп отыр. Алайда Асқар жалғыз бара алмайды. Оның қасына еріп баратын адамға қосымша қаражат керек.

Науқас баланы қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті«Сәуір-мамыр айларында баланы Израильге алғашқы емге жіберу қажет. Бірінші курстың емі 55 326 АҚШ доллары тұрады. Онымен бірге әкесі бармақшы. Бірақ оның жолына қаражат жоқ, - дейді Асқардың анасы Гүлжан Жанғазина. – Мен осы концертке келген барлық адамдарға аналық алғысымды айтқым келеді. Барлығымыз бірігіп осы кеселді жеңетінімізге сенемін.»

Қайырымдылық концертте Мәдениет сарайының артистері өнер көрсетті. Сонымен қатар өнерлі жастар мен студенттер де шарадан тыс қалған жоқ.

Науқас баланы қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті«Асқарға көмектескіміз келгендіктен, осы шараны өткізуді жөн көрдік. Акцияға барынша көп адамдардың келгенін қаладық. Басқаларға жасаған қайырымдылықтан адамның өзі марқая түседі. Біз Асқардың тезірек жазылып кетуіне, жиналған қаражаттың оған аздап болсын сеп болуына тілектеспіз» деді Мәдениет сарайының директоры Болатхан Айтмұхамбетов.

Раушан Мусина
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив