KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді (+сурет)

19.03.2013, 18:00 139


Наурыз мейрамы қарсаңында ШҚО ТЖ департаменті қызметкерлерінің қызметі күшейтілді. Мейрам күндері төтенше жағдайлар мен су тасқынын болдырмау мақсатында облыстық ТЖ қызметі толық жауынгерлік даярлықта тұр. Барлық дерлік аудандарда құрылған жедел штабтардың іс- әрекеттері ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығымен тікелей үйлестірілген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде тілшімізге облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі күні төтеншеліктер су тасуы мүмкін қауіпті аймақтарды, бөгеттердің толып қалмауын тәулік бойы қадағалап отыр.
ҚР ТЖ Министрі Владимир Божконың бұйрығы бойынша су тасқыны болған жағдайда халыққа жедел көмек көрсету үшін Шығыс Қазақстан облысына Қарағанды полкі бөлімшелерінен, Оңтүстік, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан барлық саны жеке құрамнан 111 адам және 20 бірлік техника келді. Бұл күштер мен құралдар бүгінгі күні Зырян, Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарына шоғырландырылған.
ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында   қауіпсіздік шаралары күшейтілді (+сурет)
ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында   қауіпсіздік шаралары күшейтілді (+сурет)
ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында   қауіпсіздік шаралары күшейтілді (+сурет)
ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында   қауіпсіздік шаралары күшейтілді (+сурет)
ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында   қауіпсіздік шаралары күшейтілді (+сурет)
Бородулиха ауданының күштері Семей қаласының құтқару бөлімшелерімен күшейтілді. Риддер қаласы мен Глубокое ауданына қосымша Өскемен қаласының күштері мен құралдары жіберілді, ал Шемонайха ауданының елді мекендеріне ШААЖҚЖ бөлімшелері бағытталды.

Жергілікті атқарушы органдармен олардың орналасу орындары анықталды, жеке құрамды орналастыру, тапсырмаларды анықтауға көмек көрсетілді.

Кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында азаматтардың қырағылығын жоғарылату мақсатында шаралар өткізіледі, қалалар мен аудандар аумақтарында жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен тұрғын үйлерге рейдтер жүргізілді, тұрғындар арасында нұсқаулықтар жүргізілді және су тасқыны жағдайы мен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жаднамалар таратылды.

Наурыз мейрамы қарсаңында құтқарушылар Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен арнайы атақтары мен класты шендеріне қарай ұлғайтылған еңбекақыларын алды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив