KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Диагностикалық қызмет көрсететін «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығады

19.03.2013, 18:00 145


Наурыз айының соңында өңірімізде медициналық кеңес беріп, диагностикалық қызмет көрсететін «Саламатты Қазақстан» пойызы жолға шығады. Мұнда дәрігерлер жұртқа аурудың алдын алу және емдеу-диагностикалық көмектерді тегін жүргізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Заманауи медициналық құралдар-жабдықтармен қамтылған жылжымалы емханада терапевт, окулист, педиатр, невропатолог, гинеколог, кардиолог, отоларинголог, хирург, стоматолог сияқты қарапайым халықтың қолы жете бермейтін басқа да көптеген мамандар бар. Ең маңыздысы, мұнда телемедицина орналасқан. Бұл Астана мен Алматыдағы білікті мамандармен тікелей байланысқа шығып, кеңестер алуға мүмкіндік береді. Дәрігерлер жас-кәрі демей бәріне бірдей қызмет көрсетеді.

«Саламатты Қазақстан» өз сапарын 23-наурызда Шемонайха қаласынан бастап, Усть-Таловка, Предгорная, Ертіс-зауыт, Зырян, Тұрғысын, Заводинка, Бұқтырма, Серебрянка, Огневка, Черемшанка елді мекендерінде болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив