KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚ облысындағы«Рахман қайнарлары» белгілі сауықтыру орны мен 70 отбасы тұратын елді мекен бір апта бойы сырт әлеммен қатынассыз қалды (+сурет)

18.03.2013, 18:00 167


8-14 наурыз аралығында «Рахман қайнарлары» белгілі сауықтыру орны мен 70 отбасы тұратын осы аттас елді мекені тас жолдың бойына құлаған қар көшкінінің кесірінен сырт әлеммен қатынассыз қалды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алтыншы наурыздан сегізіне дейін жауған қалың нөсердің салдарынан Өскемен-Рахман қайнарлары тас жолының 408-430 шақырымында бірнеше қар көшкіні жүріп өтті. Әсіресе екі қар көшкіні тым ауқымды болды, әрқайсысы 20 мың текше метр. Таудан құлаған қар екпінінің күштілігі соншалықты, ағаштарды түптамырымен қопарып кетті. Іле-шала Катонқарағайдың тауларында жауған қалың қар жолды 60-70 сантиметр қалыңдықта басып қалды. Ал келесі күні қысқан аяздың салдарынан қар мен балшықтан, құлаған ағаш пен тастардан тұратын қоймалжың беріш болып қатып қалған. Оның биіктігі кейбір жерлерде 4-8 метрге дейін жетті. «Казсельзащита» мекемесінің мамандарының деректері бойынша, таудан құлаған қардың жалпы көлемі 40 мың текше метрден асып кетеді. Осы жердегі жалғыз автокөлік жолы осылайша бірнеше күнге жабылып қалды.
ШҚ облысындағы«Рахман қайнарлары» белгілі сауықтыру орны мен 70 отбасы тұратын елді мекен бір апта бойы сырт әлеммен қатынассыз қалды (+сурет)
ШҚ облысындағы«Рахман қайнарлары» белгілі сауықтыру орны мен 70 отбасы тұратын елді мекен бір апта бойы сырт әлеммен қатынассыз қалды (+сурет)
ШҚ облысындағы«Рахман қайнарлары» белгілі сауықтыру орны мен 70 отбасы тұратын елді мекен бір апта бойы сырт әлеммен қатынассыз қалды (+сурет)
Жолдарды омбы қардан аршып жатқан кезде сауықтыру орны мен 200-дей жұмысшылар үшін азық-түлік қарда жүретін техникамен жеткізіліп тұрды.

Жолдарды аршудың тағы бір қиындығы – көшкіндердің ең тар өткелдерге құлағаны болды. Жол қызметкерлері мен «Рахман қайнарлары» ЖШС техникаларының бір-біріне қарсы бағытта жолдарды тазалай отырып жақындауларына 3 тәулік уақыт керек болды. Жолға құлаған қарды құрту үшін «Рахман қайнарлары» серіктестігіне тиесілі «Амкадор» ауыр техникасын пайдалануға тура келді. Тек 14 наурызда ғана жол қозғалысы қалпына келді.

Шамиль Багаутдинов
Суреттер автордікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив