KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Семей қаласында « Біз жолдағы қауіпсіздікті таңдаймыз!» автошеруі жүріп өтті (+сурет)

18.03.2013, 18:00 89


ШҚО Семей қаласында « Біз жолдағы қауіпсіздікті таңдаймыз!» автошеруі басталды. Акцияны жол полицейлері білім бөлімімен, «Нұр Отан» ХДП-ның- «Жас Отан» жастар қанаты және қаланың автомектептерімен бірлесіп, Наурыз мерекесі мен алдағы оқушылардың каникулы қарсаңында өткізіп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық жол полициясы бөлімінің бастығы, полиция майоры Шыңғыс Кәрімовтің айтысына қарғанда, іс-шара жол-көлік апаттарының алдын алу және жол қозғалысы Ережелерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Семей қаласында « Біз жолдағы қауіпсіздікті таңдаймыз!» автошеруі жүріп өтті (+сурет)
Семей қаласында « Біз жолдағы қауіпсіздікті таңдаймыз!» автошеруі жүріп өтті (+сурет)
«Көктемгі каникул мен Наурыз мейрамы қарсаңында біз тұрғындардың есіне жол қозғалысы Ережелерін сақтауды тағы бір салып қоюды жөн көрдік. Апаттардың негізгі себептері бұрынғысынша үлкен жылдамдық, қарсы жолаққа шығып кету, көлікті мас кезінде басқару болып табылады» деді Шыңғыс Кәрімов.

Шаһардың көшелерімен 12 мәшинеден тұратын көліктер колоннасы жүріп өтті. Үш эвакуатор көлігінің үстіне қойылған, жол апатында майысып, зақымданған автокөліктер тұрғындарға ерекше әсер етті.
«Әбден майысып, істен шыққан көлікті көргенде мен дереу жылдамдықты азайтып, қауіпсіздік белдікті тағу қажеттігін ойладым. Мұндай акциялар жүргізушілерді де, жолаушыларды да тәртіпке үйретеді деп ойлаймын.» дейді әуесқой жүргізуші Андрей Рязинский.

Қалалық жол полициясында атап өткендей, жыл басынан бері Семейде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қуаныштысы, зардап шеккендер жоқ.

Флора ЛЕВИНА

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив