KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыс Қазақстандықтар Әз-Наурызды тазартылған, абаттандырылған елді мекендерде қарсы алады

17.03.2013, 18:00 81


Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесін таза, абаттандырылған елді мекендерде қарсы алу үшін жаппай сенбіліктер ұйымдастырылады. Облыс әкімі Әз-Наурыз мейрамына арналған дайындықтың қамын 19-наурызға дейін толықтай аяқтауды, оған дейін қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға арналған сенбіліктерді ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өскеменнің ажарын айшықтай түсетін науқанды шараның бірі сенбілік екенін ескерсек, облыс басшысы барша жұртты сенбіліктерге бір кісідей қатысуға шақырды.

"Сенбілікті әр үйден, әр мекеменің ауласынан бастау керек. Қала жылдағыдай таза кейпіне енбейінше, апта сайын сенбіліктерді ұйымдастырып тұратын боламыз" деді Бердібек Сапарбаев кеңейтілген кеңесте.

Сондай-ақ, өңір басшысы жиын барысында таныстырылған Өскемен қаласын ауқымды көгалдандыру жобасын мақұлдады. Аталмыш жоба ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруды және көшетшілермен келісімшарт жасасуды қарастырады. Әкімнің айтуынша, бұл іс дұрыс қолға алынған. Ағаш көшеттерін егіп қана қоймай, жетілгенше бағу жұмыстарын да атқару қажет.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив