KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО Аягөз қаласының көшелерін қардан тазалауға 100 аса техника тартылды

14.03.2013, 18:00 135


ШҚО Аягөз қаласында шамадан көп түскен қардың көбесі сөгіліп, қала тұрғындарын әбігерге салуда. Осыған орай қала басшылары сенбіліктер ұйымдастыруды қолға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Апаттың алдын алуға әрекет еткен қаладағы коммуналдық мекеме көшелерді тазалау мақсатында сенбілік ұйымдастырып, оған қаладағы мекемелер мен теміржол ұйымдарынан жүзден аса техника, мыңнан аса адам күші жұмылдырылды. Аулалар мен суағарлар тазартылып, қар үйінділері сыртқа шығарылып жатыр. Бір күннің ішінде ондаған мың тонна қар сыртқа жөнелтілді.

Ауа райының күрт жылынуы аудан тұрғындарын алаңдатқанымен, жауапты орындардың дайындығы сақадай сай.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив