KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО Ішкі істер департаментінде полиция қызметкерлеріне алғашқы офицерлік «лейтенант» шені салтанатты түрде тапсырылды

14.03.2013, 18:00 161


ШҚО Ішкі істер департаментінде 21 полиция қызметкеріне алғашқы офицерлік «лейтенант» шені салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, жас лейтенанттарды құттықтаған ШҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Жұмаділов офицерлерге адал қызмет өткеріп, жүктелген міндеттерді лайықты орындауға тілектестік білдірді.
ШҚО Ішкі істер департаментінде полиция қызметкерлеріне  алғашқы офицерлік «лейтенант»  шені салтанатты түрде тапсырылды
Полицей қызметі жоғарғы біліктілікті, жеделділікті, іске адалдықты талап етеді. Погон киген адамдардың жұмысы қауіпті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың ақпанында Үржар ауданы ішкі істер бөлімінің аға анықтаушысы полиция капитаны Жастүлек Даутпаевтың жұмыстан қайтып бара жатқанда белгісіз екі адамның жанжалын тоқтатпақ болғанда, олардың біреуінен пышақ жарасын алды. Пышақтаған қаскүнем оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері нәтижесінде қылмыскер көп кешікпей құрықталды. Облыс басшылығы анықтаушының қызметін жоғары бағалады: Жастүлекке қызметтік міндеттеріне адал қарағаны үшін «Екінші дәрежелі Ішкі істер министрлігінің үздігі» төс белгісі табыс етілді.

Жас офицерлерге Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Александр Мартынов өз тілегін айтты. Александр Михайлович алғашқы офицерлік шенін 42 жыл бұрын алған.
"Бұл күн – есте қаларлық күн. Осы күннен бастап Сіздерге жүктелген үлкен және жауапты міндеттер ұлғая түсті, оларды адал орындауларыңыз тиіс" деді ардагер.

Сонымен қатар салтанатқа қатысушылардың бірі Өскемен қаласының Үлбі полиция бөлімі жедел уәкілінің анасы, Бағдат Нұғыманова өз құттықтау сөзі мен ізгі тілектерін айтты.

Іс-шараның соңында жас офицерлер атынан Глубокое АІІБ жедел уәкілі Азамат Абенов сөз алып, қазақстандық полиция қатарында мақтауға тұрарлықтай қызмет етуді уәде етті.

Мерекелік іс-шара әскери оркестр және салтанатты маршпен сүйемелденді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив