KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Шығыс Қазақстанның құтқару бөлімшелері республикалық тактикалық «Көктем 2013» оқу-жаттығуларына қатысты (+сурет)

14.03.2013, 18:00 141


Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында «Көктем 2013» оқу-жаттығулары басталды. Бұл шарадан Шығыс Қазақстанның құтқару бөлімшелері де тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай,тактикалық тапсырмаларға сәйкес облыс аумағында ауа температурасы күрт жылынып кетті. Мол қар жамылғысының қарқынды еруі, өзендерде мұздың суды бітеп тастауы, ірі суқоймаларының суды шұғыл өткізуі салдарынан елді мекендерде, облыстың көлік коммуникациясы және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде төтенше жағдайлар орын алды. Бұдан басқа су басулар мен су тасқындары сымдардың үзілуінен, кабельді жүйелердің жұмысының бұзылуынан және қысқа тұйықталу салдарынан өрттердің шығуына әкеп соғуы мүмкін.

Облыс аумағында қалыптасқан жағдайдың салдарынан елді мекендерді су басу қаупі, жылу, су, газ, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде апаттар болуы мүмкін, халықты азық-түлік және алғашқы қажетті заттармен қамтамасыз етудің тоқтатылуы, елді мекендер арасында көліктердің жүруінің бұзылуы, байланыс және хабарлау жүйелерінің зақымданулары мүмкін.

Шығыс Қазақстанның құтқару бөлімшелері республикалық тактикалық «Көктем 2013» оқу-жаттығуларына қатысты (+сурет)Орын алуы ықтимал осындай төтенше жағдайларды жою үшін оқу-жаттығу барысында байланыстың барлық түрлері және ТЖ жоюға қатысушы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындармен әрекет ету жоспарлары қарастырылады.

Оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау барысында бірінші кезекте облыстық АҚ қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша шынайы дайындықтары анықталады.
Шығыс Қазақстанның құтқару бөлімшелері республикалық тактикалық «Көктем 2013» оқу-жаттығуларына қатысты (+сурет)
Берілген тапсырмаларды орындау талдауы ШҚО ТЖД дағдарыс орталығынан жедел штабпен алынып, ҚР ТЖМ-не жолданады. Оқу-жаттығудың соңында облыс бөлімшелерінің іс-әрекеттеріне өткізілген оқытуға сәйкес әділ бағалары беріледі.

Қазір облыста шынайы су тасқыны қауіпі сақталып отырғанын айта кеткен жөн. Сол себепті ТЖ департаментінің күштері мен құралдары жоғары жауынгерлік даярлықта тұр. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қауіпті аймақтарға тәулік сайын мониторинг жүргізіледі. ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Өскемен қаласы, Ұлан ауданы, Глубокое аудандарында болған аздаған су басуларын жоюға қатысты.
Шығыс Қазақстанның құтқару бөлімшелері республикалық тактикалық «Көктем 2013» оқу-жаттығуларына қатысты (+сурет)
Бүгінгі күні су тасқыны жағдайы тұрақты, елді мекендерде маңызды су басулар тіркелген жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив