KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында „Сұлулық пен нәзіктік„ деп аталған көрме ашылды (+сурет)

13.03.2013, 18:00 242


ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында Шығыс Қазақстандағы танымал ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығымен(Өскемен) бірлескен көрме ашылды. „Сұлулық пен нәзіктік„ деп аталған көрме, біздің қаламыздың нәзік жандарына арналған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында  „Сұлулық пен нәзіктік„   деп аталған көрме  ашылды (+сурет)
ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында  „Сұлулық пен нәзіктік„   деп аталған көрме  ашылды (+сурет)
Сұлулық пен нәзіктік әйел затының ажырамас құрамдас бөлігі іспеттес қасиеттер. Көз тартарлық сүйкімділік, жан мен тәннің үйлесімдігі, әр уақытта да қалаулы болуға тырысу – біздің замандас қыз-келіншектерге тән.

Өскемен мұражайының қызметкерлері семейліктерге әйелдердің әсем ұлттық костюмының жиынтығын және зергерлік бұйымдар әкелді. Ал, Невзоровтар мұражайы қазіргі заман әйелінің жан сұлулығын және оның әлемінің қырларын көрсететін графика өнерінің шығармаларымен көрермендерді қуантты. Көрермендерге ұсынылған 100-ден астам жәдігерлер бір ғасырдан астам уақытты қамтиды.
ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында  „Сұлулық пен нәзіктік„   деп аталған көрме  ашылды (+сурет)
ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы мұражай залдарында  „Сұлулық пен нәзіктік„   деп аталған көрме  ашылды (+сурет)
Олар келушілерге тек өрнектердің әдемілігі, түстердің сиқырлары мен зергерлік әшекейлердің семантикасымен масаттанып қоймай, сонымен бiрге, әйел затының қазiргi замандағы орны туралы ойлануға да мүмкiндiк бередi.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив