KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Шығыс Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 18 жылдығын салтанатпен атап өтті

12.03.2013, 18:00 117


Шығыс Қазақстандағы Семей қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 18 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімі, ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Достық үйінің директоры Шолпан Балғозина іс-шараға қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтай келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Бүгінгі таңда Семейде тұратын ұлттардың мәдениеті мен тілін, дәстүрін дамытуға барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің тиімді әрекет етуі үшін 14 ұлттық-мәдени орталықтан тұратын Достық үйі құрылған. Достық үйінде әр этномәдени бірлестік үшін арнайы кабинеттер де ашылған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив