KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 2014 жылдан бастап ұлғайту жоспарланып отыр

11.03.2013, 18:00 169


Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 2014 жылдан бастап ұлғайту жоспарланып отыр , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қарауына зейнет жасына қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Заң жобасы ұсынылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов әйелдердің зейнетке шығу жасы он жыл ішінде кезең-кезеңмен көтерілетіндігін айтты.

«Біртіндеп өту керек. Бүгін 2018 жылға дейін зейнеткерлікке шығатын әйелдер үшін, олар зейнеткерлік жасын ұлғайтуға қатысты салмақты сезінбес үшін, он жылдың ішінде жыл сайын жарты жылға ұзартылып отырады» деді С.Әбденов.

Оны толықтырған премьер-министрдің орынбасары
Қайрат Келімбетов ведомствоаралық комиссияның зейнеткерлік жасын ұзартуды 2014 жылдан бастау жөнінде ұсыныс енгізгенін атап өтті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив