KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Дертке шалдыққан қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді

9.03.2013, 18:00 114


Қарабас ауылының тұрғыны Қарақат Әбішева дертке шалдыққан қызын құтқару үшін өзінің сау бүйрегін берді. Қазір науқас сәтті өткен отадан кейін облыстық емдеу орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ананың осындай ерлігін естіп білген бесқарағайлықтар бұл оқиғаға бейжай қарамай аудандық мәдениет үйінде «Мейірім» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында жиналған жеті жүз мың теңгедей қаражатты ана мен баланың денсаулығын оңалтуға жұмсау үшін аудан әкімі бастаған топ қамкөңіл анаға апарып табыс етті.

Ендігі жерде науқасты өңірдегі шипажайлардың біріне жіберуді ойластыруда.
"Өз басым бұрын қайырымдылық дегенге сенбеуші едім. Менің ол ойым қате екен. Өмірде қайырымды адамдар бар екен. Сондықтан аудан әкіміне, аудан халқына аналық ақ алғысымды білдіремін" – дейді Қарақат.

Дәулет Сейсенұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив