KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қар көшкінінің Громотуха өзенін басып қалуы Риддер қаласында суық су тапшылығына әкеліп соқты

8.03.2013, 18:00 150


Риддер қаласында өз бетімен құлаған қар көшкінінің Громотуха өзенін басып қалуы суық су тапшылығына әкеліп соқты. Облыстың басқа да таулы аймақтарында сел жүру қаупі әлі де жоғары , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Риддер қаласының маңында құлаған жалпы аумағы 3000 текше метр қар көшкіні Громотуха өзенін жауып қалды. Соның кесірінен қалада суық су тапшылығы орын алды. Тұрғындар мен мекемелерге суық суды жеткізу шаралары ұйымдастырылды» делінген облыстық ТЖД таратқан баспасөз мәліметінде.

Мамандардың деректері бойынша, Катонқарағай, Зырян, Көкпекті аудандарындағы таулы тас жолдарында, Өскемен - Горная Ульбинка- Северное тас жолының демалыс базасы маңында қар көшкіні жүріп өту қаупі әлі де жоғары.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив