KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жол сақшылары қауіпсіздік ережелерін бұзған қыз-келіншектерді гүл шоқтарымен тоқтатты (+сурет)

8.03.2013, 18:00 255


Мереке қарсаңында Зырян аудандық жол полициясының қызметкерлері көшелерге таяшаларымен қоса гүл шоқтарын алып шықты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

8 наурыз күні көлік жүргізіп келе жатқан қыз-келіншектерді жол сақшылары тоқтатқан кезде, нәзік жандылардың көңіл-күйлерінің бұзылғаны жасырын емес. Мереке күні ешкімнің де айыпқа тартылғысы келмейтіні түсінікті де.

Бірақ қатал көрінген жол полицейлері келесі сәтте жасырып тұрған ... гүл шоқтарын ұсынды.
Бұл күні жол ережелерін бұзған жолаушы қыз-келіншектер де ескерусіз қалмады. Оларға да мерекелік құттықтаулар айтылып, жол ережелерін еске салатын кітапшалар табыс етілді.

Жол полициясының бастығы Жандарбек Ахметжановтың айтуынша, Зырян қаласында дәстүрге айналған бұл шара нәзік жандарды қуантып қана қоймайды, сонымен қатар жол қауіпсіздігін де еске салады.

Жол сақшылары қауіпсіздік ережелерін бұзған қыз-келіншектерді гүл шоқтарымен тоқтатты (+сурет)Жол сақшылары қауіпсіздік ережелерін бұзған қыз-келіншектерді гүл шоқтарымен тоқтатты (+сурет)Жол сақшылары қауіпсіздік ережелерін бұзған қыз-келіншектерді гүл шоқтарымен тоқтатты (+сурет)

Оксана Сосновская
Суреттер автордікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив