KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)

5.03.2013, 18:00 138


«Мейірім билеті» деп аталатын акцияның аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің барлық қызметкерлері бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді. Департаменттің өкілдері бүгін Өскемендегі «Үміт» балалар үйінде аталған мекемелердің басшыларымен кездесіп, барлық сомасы 729 445 мың теңгені құрайтын ақшалай сыйлықты салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Елбасы өз Жолдауында ана мен баланың құқығын қорғауға ерекше мән берді. Сондықтан еліміздегі барлық мемлекеттік мекемелер ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды жан-жақты қолдауы тиіс. Біздің департаменттің аумақтық бөлімшелерінде 136 адам істейді. Сонымен бірге аппаратта 30 қызметкер бар. Солардың барлығы бүгінгі «Қайырымдылық билет» акциясына қатысып бір күндік еңбекақыларын аударды" деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің бастығы Жұмағазы Оразов.

Балалар үйінің басшылары мен тәрбиеленушілері мұндай қамқорлыққа өз алғыстарын білдірді. Қамқорлық акциясы қуаныш сыйлаған балалар қонақтарға ән салып, би билеп берді.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаменті осыған дейін де қайырымдылық акциясын өткізіп балалар үйіне 1200 дана су жаңа аяқ киімдер мен қыстық курткалар сыйлаған болатын.
Жиналған қаражат былайша бөлінді:
«Үміт» балалар үйі» КММ 120 000 теңге, Семей қаласының "№8 балалар үйі" КММ 60 000 теңге, Семей қаласының "№3 балалар үйі" КММ 60 000 теңге, Шульбинск кентінің "Облыстық балалар үйі" КММ 60 000 теңге, Семей қаласының "Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №5 көмекші мектеп интернаты" КММ 60 000 теңге, Серебрянск қаласының " Жетім және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектеп интернат " КММ 110 000 теңге, ШҚО К.Раев атындағы "Көкпекті балалар үйі" КММ 79 445 теңге, Риддер қаласының "Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп интернаты " КММ 100 000 теңге, ШҚО «Новая Шульба облыстық балалар үйі» КММ 80 000 теңге.
«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)
«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)
«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)
«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)
«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)
«Мейірім билеті» акциясының аясында облыстың сот орындаушылары бір күндік жалақыларын облыстағы балалар үйіне берді (+сурет)

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив