KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Облыстың 14 мемлекеттік қызметкері атқаратын қызметіне сәйкес емес деп танылды

5.03.2013, 18:00 121


Былтыр облыста 1686 әкімшілік мемлекеттік қызметкер аттестацияланды. Нәтижесінде 1571 (93,2%) мемлекеттік қызметкер атқаратын қызметіне сәйкес деп танылса, 27-сі жоғарғы лауазымға кадрлық резервке ұсынылған. 74-і қайта аттестациялауға жіберілген. Аттестациялаудың қорытындысында 14 адам атқаратын қызметіне сәйкес емес деп танылған. Сонымен қатар біздің өңір республикада мемлекеттік қызметкерлердің саны жағынан ең көп облыс болып саналады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы Елбасының Жарлығымен 2011 жылдың шілдесінде бекітілді. Онда мемлекеттік қызметтің әрі қарайғы дамуының негізгі бағыттары көрсетілген. Оның басты мақсаты – еліміздегі кәсіптік мемлекеттік қызметті құру, осы саланың жұмысын жетілдіру. Өткен жылдың желтоқсан айында ел Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабыл-дады. Мемлекет басшысы қол қойған жаңа заң үстіміздегі жылдың 26 наурызынан бастап республикада қолданысқа енеді"– дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Өзгерістерге сәйкес, бұдан былай мемлекеттік қызметкерлерге қызметке келуге, конкурстардан өтуге, қызметке алынуда, жұмыс барысында қойылар талаптар күшейтіледі. Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппарат құрылмақ. Сөйтіп, мемлекеттік қызметкердің атқарған жұмысының сапасы айқындалмақ.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив