KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Облыс аумағындағы қардың еруіне ғарыштан бақылау жасалады

3.03.2013, 18:00 156


Наурыз айынан бастап облыс аумағындағы қардың еруі мен өзен-су көздерінің ашылуын бақылауда тәулік сайын ғарыштық мониторинг жүргізіліп отырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы төтенше жағдайлар департаментіне су нысандарының жағдайы мен қардың мөлшері жайында күнделікті гидробюллетень беріп тұрады.

Мамандардың болжамынша, күн күрт жылынған жағдайда өңірде жалпы саны 80 мың адамнан асатын 157 елді мекенді топан су басу қаупі бар. Әсіресе, Шемонайха, Үржар, Көкпекті, Күршім, Жарма, Глубокое аудандарында қар суының қоры қалыпты мөлшерден 107-ден 160 пайызға дейін асып кеткен. Ал жазық жердегі орташа қардың түсуі облысымызда 13-тен 112 см.-ге дейін жетіпті. Соның ішінде таулы аймақтардың қары екі жарым метрден асып, қауіп төндіруде.

Қалыптасқан жағдайға байланысты төтенше жағдайлар департаментінде табиғат апатының алдын алатын топтар құрылған. Олардың қатарында 844 жеке құрамның өкілі, 149 техника, 22 суда жүзетін көлік және 9 су айдау құрылғысы бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив