KZ
Өскемен
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Жарманың "Көңілді жастары" Астананы күлкімен көмкерді

3.03.2013, 18:00 149


Астанада Қазақстан КВН одағының ұйымдастыруымен «Ғажайыптар маусымы» атты жаңа маусымының дәстүрлі тұсаукесер ойыны өткізілді. Бұл өнер сайысына Жарма өңірінен үш команда қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұрпақтар сабақтастығын бекемдеп, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан бұл өнер сайысына Жарма өңірінен үш команда қатысты. Олардың ішінде гала-концертке жолдама алған «Көңілді жастар» командасы орынды қалжыңдарымен, сүйкімді қылықтарымен көпшіліктің көңілінен шыға білді. Еліміздің түкпір-түкпірінен 220 команда қатысқан ойында жармалық жастар Қазақстан КВН одағының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

2011 жылы Васильковка негізгі мектебінің жанынан құрылған «Көңілді жастар» командасы бүгінде ауданымыздың мақтанышына айналып үлгерді. Жеті оқушыдан құралған өнер ұжымына мектептің мұғалімі Д.Шаймарданов жетекшілік етеді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив